Отырарда «Нұр Отандықтардың» мерекелік салтанатты жиыны өтті

0
995


Отырарда «Нұр Отандықтардың» мерекелік салтанатты жиыны өтті

«Нұр Отан» партиясының Түркістан облысы Отырар аудандық филиалында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, белсенді партия мүшелерін Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасовтың және аудандық филиалдың «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

Айта кетсек, қараша айында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдыққа қадам басқан тұсында Астанада алғашқы Республикалық форумы өткен еді. Осыған орай желтлқсанның бірінші аптасында «Нұр Отан» партиясының Отырар аудандық филиалында бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері және филиал қызметкерлері семинар кеңес өткізген болатын. Семинар кеңесте қазіргі уақытта партия қатарын нығайтумен қатар, оның сапалық жағына да мән беріп, жергілікті жерлердегі белсенді партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланған.

Мерекелік салтанатты жиында да құттықтаулар мен марапаттардан бөлек, партияның халықтың қолдауына ие болуы, қоғамдағы басты саяси күшке айналуы жолындағы жұмыстар мен жоспарлар талқыланды.