​Отырарлықтар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

0
1 089

Шараны жергілікті «Заречное» акционерлік қоғамы ұйымдастырды.


​Отырарлықтар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауыл округіне қарасты «Темір» жалпы орта мектебінде 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекелері қарсаңында қайырымдылық игі іс-шара болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қайырымдылық шарасы аясында жергілікті «Заречное» акционерлік қоғамының демеушілігімен ауыл округінде тұрғылықты тұратын және «Темір» мектебінде оқып жатқан көп балалы, отбасылық жағдайы төмен ата-аналардың 18 баласына қыстық киімдер сатып алынып, сыйға тартылды. Мектеп дирекциясы мен ата-аналар комитетінің төрағасы М.Сиқымбай бастаған «Отырар алқабы» газетінің редакторы А.Ақылбек мырза және Темір ауылдық әкімшілігінің бас маманы Т.Ерқұлов мырзалар аталмыш кәсіпорынның өкілі Т.Төлендиевке көпшілік атынан алғыс айтып, сыйлықтарды үлестірді. Сыйлыққа ие болған ата-аналар өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтып жатты. Ал, балалар болса, жаңа киімге мәз болып, қуаныштарымен бөлісті.

Жергілікті мекеменің жағдайы төмен отбасыларға үнемі қарайласып, қайырымдылық шараларын жиі өткізіп тұратын бұл ісі көпке үлгі етуге тұрарлық.