Өз қызы мен әйелін зорлаған ер адам сотталды

0
1 157

Әйелі арызын қайтарып алуға тырысқан.


Өз қызы мен әйелін зорлаған ер адам сотталды

Түркістан облысында өз қызы мен әйелін зорлаған ер адам сотталды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол Сот үкімімен перзенті мен жұбайын айуандықпен зорлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Күйеуінің озбырлығына шыдай алмаған әйел өткен жылдың қазан айында аудандық полиция бөліміне арызданған. Әйел өз шағымында күйеуінің алдымен кәмелетке толмаған қызын сосын өзін аса қатыгездікпен зорлағанын жазған. Полиция қызметкерлері аталған жайттарды тіркеп, ҚР ҚК 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша бірден сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кіріскен.

Бірақ бір күннен кейін ақ жәбірленуші әйел арызынан бас тартатындығын айтқан. Күйеуінің ауызы арақтан босамайтынына ашуланған әйел әдейі осылай жазаламақ болғанын айтып ақталған. Анасының сөзін зорланды делінген қызы да қоштаған.


"Әрине, тергеу барысында біз аймақтың менталитетін, туыстарының ықпалын ескердік және осыған қарамастан сотқа дейінгі тергеуді жалғастыра бердік. Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектерден жинауға, күндіз-түні демалыссыз жұмыс істеуге, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, Түркістан облысы бойынша Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жайты шын мәнінде орын алғанын растады. Ал біз сотқа дейінгі тергеу барысында республиканың үздік психологтарының бірінің кәсіби көмегіне жүгіндік. Ол анасы депрессиялық күйде, ал қыз ересектердің ықпалында және қалыптасқан жағдайда оның психологиялық жағдайына теріс әсер еткен деген қорытынды берді. Осыны ескере отырып, маман соттың бастапқы айғақтарына сүйене отырып, жасөспірімнің қатысуынсыз өтуін ұсынды,"- дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Нұрмахан Жалғасов.


Қылмыстық істің ауырлығын ескерген полицейлер бұл қылмыстық істі тікелей Түркістан облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы өз өндірісіне алып, қараған. Басқарма басшысы Нұрмахан Жалғасовтың айтуынша, сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында күдікті ер адам өз қызы мен әйелін зорлағанын мойындаған.

"Мен қазір мұның бәрін сізге нақты ресми тілмен жеткізіп отырмын.Тергеуші де адам, оның туыстары, анасы, әпкесі мен қызы да бар... Қылмыскердің құрбаны болған әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық істерді жүргізу психологиялық тұрғыдан өте қиын. Әсіресе қылмысқа күдікті ретінде ең жақын адамдар қаралса. Осының бәрімен тергеуші ештеңеге қарамастан жұмыс істейді, адамгершілік пен төзімділік танытады. Істерді дәлелдейді және сотқа жібереді. Ал сот болса өз шешімін шығарады. Мұндай жағдайда күдікті болған балалардың әкесі, яғни әйелдің күйеуі 15 жылға бас бостандығынан айырылды,"- дейді Н.Жалғасов.

Айта кету керек, озбыр әкегеқатысты сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.