Өзбекстан мен Қазақстанның су саласына жауапты министрлері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

0
112

Зиярат барысында қадірлі қонақтар қазақ даласында ислам өркениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан Қожа Ахмет Ясауидің рухына Құран бағыштап, дұға жасады.


Өзбекстан мен Қазақстанның су саласына жауапты министрлері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Өзбекстан мен Қазақстанның су саласына жауапты министрлері Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев бастаған жұмыс тобы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.


Зиярат барысында қадірлі қонақтар қазақ даласында ислам өркениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан Қожа Ахмет Ясауидің рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сондай-ақ еліміздің амандығы мен тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі, ұлт руханиятының нығаюы үшін тілектерін арнады.


Ресми іссапар барысында Өзбекстан елінің делегациясы облыс орталығындағы туристік нысандарды аралап, өңірдің туристік әлеуетімен танысты.


Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-рухани кешен. Мұнда келетін туристер мен зияратшылар саны жыл сайын артып келеді. Ал былтыр арнайы заң қабылданып, Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл бастама тарихи шаһардың дамуына оң серпін берді.

Бөлісу