Дихандардың мәселесін толықтай шешімін тапқанша өз бақылауына алатынын атап өтті.
Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Төлепұлы жетісайлық шаруалармен кездесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауаданына жұмыс сапарымен келген Парламент мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетовпен бірге "Қызылқұм" және "Абай" ауылдық округінде болып, сол ауылдың дихандарымен кездесті. Кездесу барысында жергілікті дихандар негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы болып табылатын Жетісай ауданы үшін, ағын су мәселесінің өте өзекті екенін, оның ішінде тік дренаждардың әсерінен егіске жарамды жерлердің сорланып жатқанын және құрылысы кешеуілдеп, 10 жылдан бері бітпеген К-30 каналының қазіргі жағдайын айтып, толықтай өнім алу үшін қолбайлау болып отырғанын жеткізді.
Одан бөлек жерге қажетті тыңайтқыштардың тапшы болып тұрғанын және бағасы тым жоғары екендігін айтып, ел дихандарының еңбегі еш кетпеуі үшін жоғарыда аталған мәселелерді тездетіп шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде Парламент мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген шаруалар айтқан ұсыныстарды парламент мәжілісінің отырысында көтеріп, жауапты министрлікпен ведомство басшыларына жеткізетіндігін айтты. Жетісайлық дихандардың мәселесін толықтай шешімін тапқанша өз бақылауына алатынын атап өтті.