«Педагогикалық дебют – 2018» аудандық байқауы өткізілді

0
3 249

Бұл жеңіс үш тілдік жүйесін ұстанатын Келес мұғалімдерінің көп тілді жас ұрпақ тәрбиелеуде аянбай қызмет жасап жатқанының дәлелі екені айқын болды.


«Педагогикалық дебют – 2018» аудандық байқауы өткізілді

фото: kokshetautv.kz

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәңгілік ел» идеясын ұстанатын Түркістан облысының Келес ауданында білім бөлімінің әдіскері Тулендиева Раушангул Қасымханқызының ұйымдастыруымен жас ағылшын тілі мұғалімдері арасында өткізілген байқау жаңаша форматта өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жас мамандар өз тәжірибесіндегі іс-әрекеттерін тек ағылшын тілінде қорғап, бізідң болашақ жас ұрпақтарымызға беріп жатқан білімнің мазмұны жаңаша қарқында дамып жатқаныны іс жүзінде көрсете білді.

№134 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алибаев Қуатбек пен №140 жалпы орта мектебінің жас ағылшын тілі маманы Әділова Жанерке өз мамандығын сүйетін, жас та болса бәсекеге қабілетті, іскер мұғалімдер екенін дәлледеп, жүлделі орынға ие болды.

Аудандық байқаудан жүлделі орын алған жас мамандарға аудандық әдіскер Р.Тулендинованың нұсқауымен тәжірибелі тренер ретінде менімен бірге №140 мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тажибаева Гүлжаухар жетекшілік етті.

Түркістан облысы Кентау қаласындағы №10 жалпы орта мектеп базасында өткізілетін облыстық «Педагогикалық дебют-2018» байқауына қатысып, олжалы оралды.

Облысымыздың он алты ауданынан келген майталмандар ішінен ең үздік танылып, №134 жалпы орта мектептің жас ағылшын тілі мұғалімі Алибаев Қуатбек І дәрежелі дипломмен, №140 жалпы орта мектептің жас ағылшын маманы Әділова Жанерке ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жеңіс үш тілдік жүйесін ұстанатын Келес мұғалімдерінің көп тілді жас ұрпақ тәрбиелеуде аянбай қызмет жасап жатқанының айқын дәлелі болды деп айтуға болады.