"Менің планетам" тақырыбында "Өгем" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдешов Алихан Абдешұлының қатысуымен өткен бұл ашық сабақта табиғатты қорғауға қатысты өзекті тақырыптар талқыланды.
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Көксәйек көпсалалы-техникалық колледжінде табиғатты қорғау мәселесі бойынша ашық сабақ өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Төлеби ауданындағы Көксәйек көпсалалы-техникалық колледжінде арнайы пән оқытушысы Б.Айтмұрзаеваның ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өлкетану" базалық бағыты бойынша ашық сабақ болып өтті. Ашық сабақтың мақсаты жастарды табиғатты қорғауға, аялауға шақыру.
"Менің планетам" тақырыбында "Өгем" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдешов Алихан Абдешұлының қатысуымен өткен бұл ашық сабақта табиғатты қорғауға қатысты өзекті тақырыптар талқыланды. Колледж студенттеріне жер мен адамзаттың өзара қарым -қатынасы және оның нәтижелері туралы білім беру, жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне білулерін дамыту, жерді сүюге қадірлеп қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткен ашық сабақтың жастарға берері көп болды.
Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған , кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік,жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр.