Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Nur Otan» Партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық берілетін болады.
Осы мақсатта бүгін Түркістан облысы, Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында Елтай ауылын үйме-үй аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халық «Nur Otan» фракциясының мүшесін жылы лебізімен қабылдап, шағын ауыл бойынша түйткілді мәселелермен бөлісті.
Айта кету керек, Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айтбек Нарынбайұлы 1955 жылы Алғабас ауылында өмірге келген. 2000-шы жылданбастап қазіргі күнге дейін «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-ныңдиректоры қызметін атқаруда. 2020 жылғы 1-ші қыркүйектегі ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдай отырып, ел ішінде насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, партияның абыройын көтеру мақсатындажұмыс жасайтындығын алға тартты.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.