Аталған іс- шара Сайрам аудандық мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлерін ұлықтау, елеулі еңбекті бағалау мақсатында жүзеге асты.
Түркістан облысы, Сайрам аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау және түсіндіру жұмыстарына арналған кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы, Сайрам ауданында 2018 жылдың 11 желтоқсан күні Сайрам аудандық мәдениет үйінде, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Елбасының мақаласын насихаттауға арналған бұл жиынды «Сайрам ауданының құрметті азаматы», білім саласының үздігі, «Сайрам аудандық қоғамдық кеңесі» және қоғамдық келісім төрағасы Амангелді Қабылбеков жүргізіп отырды. Аталған іс- шара Сайрам аудандық мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлерін ұлықтау, елеулі еңбекті бағалау мақсатында жүзеге асты.
Атап айтсақ, бұл кездесудің барысында ауданға еңбегі сіңген белгілі тұлғаларға түрлі марапаттаулар тағайындалып, «Сайрам ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен және жыл көлемінде өткен «Үздік кітапхана» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды.