Түркістан облысы, Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округтеріне қарасты С.Киров атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдеріне және қызметкерлеріне "Жалын жастар ұйымы" ҚБ-нің ұйымдастыруымен "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларын алдын алу " тақырыбында кездесу болып өтті.
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты ауылдардың бірінде "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларын алдын алу " тақырыбында кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталмыш шара атап айтсақ, Түркістан облысы, Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округтеріне қарасты С.Киров атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдеріне және қызметкерлеріне "Жалын жастар ұйымы" ҚБ-нің ұйымдастыруымен "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларын алдын алу " тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесуді Түркістан облысы Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ- нің теолог маманы Ж.Битанов жүргізді.
"Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ- нің теолог маманы Ж.Битанов кездесуге қатысушыларға теріс ағымдағы діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу шаралары негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтандыру шараларын да негізге алуды көздеді.
Жиын соңында Ж.Битанов мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға сәйкесінше жауап берді.