Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округіне қарасты Шапырашты ауылында жастар арасында командалық көкпар ойыны өткізілді
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округіне қарасты Шапырашты ауылында жастар арасында командалық көкпар ойыны өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай, Сайрам ауданы Көлкент ауылдық окугіне қарасты Шапырашты ауылында, аудандық көкпар федерациясының ұйымдастыруымен (федерация төрағасы Мадияр Оразалиев) 18 бен 29 жас аралығындағы шабандоздар арасында командалық көкпар өткізілді.
"Ат - ер қанаты" демекші, аталған көкпарға бас-аяғы аттың құлағында ойнайтын жастардан құралған 8 команда қатысты. Көкпаршы жастар керемет ойын көрсетті. Көкпардың нәтижесі бойынша 1- орыннан Ақбай ауылының "Тұмар" командасы көрінсе, 2-орынды Көлкент ауыл округінің командасы місе тұтты. Ал, 3-орын Қайнарбұлақ ауылдық округінің командасына бұйырды. Жеңімпаздарды Көлкент ауылдық округінің әкімі, аудандық спорт бөлімінің басшысы және аудан әкімінің орынбасары, сонымен қатар аудандық көкпар федерациясының президенті Мадияр Оразалиев ойыншыларды құттықтап, сый-құрмет көрсетті.