Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, «Орджакизе» мектебін 1985 жылы бітірген түлектер туған ауылында ардагерлер арасында футболдан турнир өткізді
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылындағы «Рауан» спорт кешенінде ауыл түлектерінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында футболдан турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін 15.12.2018 ж. Қарасу ауылы "Рауан" Спорт кешеніңде "Орджакидзе" атындағы мектебін 1985 жылы бітірген түлектерінің ұйымдастыруымен спорттың футбол түрінен турнир өтті. Еліміздің тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген бұл турнирде Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылындағы ардагерлерден құралған жеті команда бойынша сайысқа түскен ойыншылар өзара бақ сынасты.Футбол ойыны барысында, ардагерлер арасындағы командалық ойын нәтижесі бойынша жүлделі орындар да тағайындалды.
Сонымен қатар, аталмыш іс-шара өткізілген Сайрам ауданы, Қарасу ауылындағы «Рауан» спорт кешенінің басшылығы ұйымдастырушы түлектерге қолдау көрсетіп, ардагерлердің ризашылығына бөленді.
Түлектердің ардагерлер арасында футболдан турнир өткізу мақсаттары өте құптарлық іс. Өйткені, Тәуелсіздіктің 27 жылдығы құрметіне орайластырып ұйымдастырылған іс-шара қайырымдылық негізінде іске асты.