Аталған жиында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауыл округі әкімшілігінің және аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары баяндалды.
Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімі Бақтияр Мамаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталған жиында Сайрам ауданы, Қарасу ауыл округі әкімшілігінің және аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары баяндалды.
Қазіргі таңда Сайрам ауданы, Қарасу Ауылдық Округінде 21 мыңнан астам халық тұрады. 8 елді мекен бар. Ауыл округте 1863 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 11 айында кәсіпкерлер есебінен 6 түрлі мақсаттағы нысан ашылған. Сонымен қатар, а/о 7 мешіт тіркелген. 12 жеке меншік балабақша бар. Қарасуда ауылшаруашылығы саласы жақсы дамыған. Мәселен, қазіргі таңда а/о 8420 мүйізді ірі қара, 6510 уақ мал, 1602 жылқы саналады. 5 ірі қара бордақылау алаңы тіркелген.
Есеп берген ауыл округінің әкімі Ербол Бекбердиевке аудан басшылығы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласы бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, тиісті бөлімдермен бірлесіп, тұрғындармен жиі кездесіп, олар тарапынан көтеріліп келе жатқан мәселелер бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
Бүгінгі таңда ауданда бірқатар елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқын алған. 10 е/м газ құбыры тартылып жатыр. Оның 8-нің жұмыстары аяқталуға жақын. 2020 жылға дейін барлық елді мекен 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Сарыбеков мәлімдеді. Одан бөлек аудандағы бірнеше ауылдарға ауыз құбырын тарту жұмыстарының ЖСҚ дайындалып жатыр.