Осы кеш барысында, балалар өз өнерлерін көрсетіп, тәуелсіздікке арнаған жыр шумақтары мен ән-жырларын айтып, би билеп көңілді кештің өтуіне атсалысты.
Түркістан облысы, Cайрам ауданында "Тәуелсіздік - еркіндігім, елдігім" атты мерекелік кеш болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы, Сайрам ауданында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай, мерекелік шара өтті. Мерекелік кештің тақырыбы "Тәуелсіздік - еркіндігім, елдігім" атауымен өткізілді. Сайрам аудандық "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" КММ-нің мүгедек балалармен бірлесе ұйымдастырған мерекелік шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа серпін, мерекелік көңіл-күй сыйлау басты мақсат болды.
Осы кеш барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, тәуелсіздікке арнаған жыр шумақтары мен ән-жырларын айтып, би билеп көңілді кештің өтуіне атсалысты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік концерт ұйымдастырған "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" КММ-нің бастамасымен өткен бұл шараға қатысқан мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың ата-аналары және арнайы тәрбиешілері олардың өнерін тамашалады.