Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекеніндегі "Мәртөбе" алаңында тәуелсіздік үшін күрескен қазақтың үш бәйтерегі мен бес арысына мәрмәр тасқа қашалып жазылған ескерткіштер ашылды.
Түркістан облысы, Сайрам ауданында тәуелсіздік үшін күрескен қазақтың үш бәйтерегіне арналған ескерткіштер ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ұлы дала елінің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне орай, Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекеніндегі "Мәртөбе" алаңында тәуелсіздік үшін күрескен қазақтың үш бәйтерегі мен бес арысына мәрмәр тасқа қашалып жазылған ескерткіштер ашылды.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекеніндегі «Мәртөбе» алаңында ашылған аталған ескерткіштер Ақсукент ауыл әкімдігінің бастамасымен қолға алынды. Үш бәйтерек пен бес арыстың құрметіне ашылған ескерткіштердің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақтияр Мамаев аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, жастарды тәуелсіздік үшін күрескен азаматтардың ерліктерін қастерлеуге шақырды.
Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған аталмыш ескерткіштердің аудан тұрғындары үшін бағалы сыйлық болуымен қоса, ел есіндегі тұлғаларды ұлықтап, қастерлеу үшін жасалған игі шара екендігі даусыз.