Сайрам ауданы, Құтарыс елді мекенінде Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай ұйымдастырылған қос бірдей шараға қатысқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етіліп, алғыс хаттармен марапатталды.
Түркістан облысы Сайрам ауданы Құтарыс ауылында Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ мектебінде тәуелсіздікке 27 жыл толуына орай волейболдан халықаралық турнир болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ел егемендігін ұлықтап, Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық турнирді аудан әкімі Б.Мамаев ашып берді. Сонымен қатар, аудан әкімі аталған жарысқа қатысушыларға жеңіс тілеп, жарыста жеңіске жетулеріне тілектес екенндігі білдірді.
Волейболдан өткен бұл турнирмен қоса, Тәуелсіздік мерекесіне орай, осы аталған Ыбырай Алтынсарин мектебінде математика пәнінен жас математиктер арасында олимпиада болып өтті. Бұл олимпиядаға Сайрам ауданының 50-ге тарта әр түрлі мектептерінен жас математиктер жиналды. Осының бәріне демеушілік жасаған әрі ұйымдастырылуына ұйытқы болған Сайрам аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Сыдықов болды.
Сайрам ауданында Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай ұйымдастырылған қос бірдей шараға қатысқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етіліп, алғыс хаттармен марапатталды.