Сайрам ауданы, Қарамұрт ауыл әкімшілігінің Низамабад ауылында екі жүз (200) орындық бөбекжай балабақшасы ашылды.
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты елді мекендердің бірінде жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауыл әкімшілігінің Низамабад ауылында екі жүз (200) орындық бөбекжай балабақшасы ашылды. Ауданда жаңадан бой көтерген аталмыш нысанның ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуының мерейлі мерекесіне орай, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылдық округінің Низамабад ауылында пайдалануға берілген жаңа балабақша жеке кәсіпкердің есебінен бой көтерген болатын. Ауылдағы бөбекжай балабақша нысанының құрылыс жұмыстарына жеке кәсіпкер 80 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған.
Низамабад ауылының тұрғындары үшін пайдалануға берілген бөбекжай балабақшасы ауыл тұрғындары үшін тосын сый болды.
Өркендеу мен дамуға айтарлықтай үлес қосып, бүлдіршіндер үшін жағдай жасап берген балабақша салып берген кәсіпкерге де ауыл тұрғындарының алғысы шексіз.