Сайрамдық ардагерлермен кездесу өтті

0
1 872

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің мәжіліс залында ардагерлерге құрмет көрсетілді.


Сайрамдық ардагерлермен кездесу өтті

Түркістан облысы, Сайрам ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген жергілікті ардагерлермен кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан «А.Исмаилов» атындағы кәсіптік колледжінің мәжіліс залында ардагерлерге құрмет көрсетілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Түркістан облысы, Сайрам ауданынан Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген және Чернобыль АЭС-і апатын жоюға қатысқан ардагерлермен жастар арасында кездесу болып өтті.

Сайрам ауданында орналасқан А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің студенттері мен оқытушылары Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген және Чернобыль АЭС-і апатын жоюға қатысқан ардагерлерді ерекше қошеметпен күтіп алды. Оларға құрмет көрсетіп, болашақ ұрпағының бейбітшілігі мен ынтымағы үшін ерен еңбек сіңіргені үшін алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде ардагерлер де өз ойларын ортаға салып, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, баталарын берді.