Салымшылар депозитіндегі ақшаларын жымқырған банк қызметкерлері бас бостандығынан айырылды

0
1 393

Олар салымшыларға 120 000 000 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталған


Салымшылар депозитіндегі ақшаларын жымқырған банк қызметкерлері бас бостандығынан айырылды

иллюстрациялық фото: sodrugestvo.info

ERNUR.KZ. Түркістан облысында салымшылардың депозитіндегі ақшаларын иемденген банк қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 2017 жылдың тамызында облыстық ІІД Тергеу басқармасымен Мақтарал ауданындағы жетекші банк филиалының қызметкерлері А.Укибаев, Т. Сауранбаев, С. Алтенов, Б. Калибаева және Ш. Айтореевалардың үстінен ҚР ҚК-нің 189 «бөтен мүлiктi иемденiп алу» және 385 «жалған құжат жасау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Тергеу барысында тергеушілер қылмыстық істі жан-жақты зерделеп, анықтау үшін тыңғылықты жұмыс атқарды. Осы мақсатта аудиторлық тексеру, қолтаңбалық, сот-экономикалық бірнеше сараптамалар тағайындалып және тергеу барысында барлық іс-шаралар жасалынды. Полицейлер 5 банк қызметкерінің кінәсін толық дәлелдеп шықты. Олардың барлығы да алдын-ала сөз байласып, қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырып отырған. Үш жыл көлемінде банк клиенттерінің қолтаңбасын жалған жасап, ақшаларын иемденіп отырған. Нәтижесінде олар салымшыларға 120 000 000 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталған.

2018 жылдың басында облыстық ІІД тергеушілері көптомдық қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолданған.

Осыған орай, Түркістан облысы Мақтарал аудандық соты қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты үкімін шығарды, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені үшін Укибаев Ажибек пен Сауранбаев Талғат 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, Алтенов Сакен, Калибаева Бактыгүл және Айтөреева Айшолпанға шартты түрде жазалар тағайындалды.