​Сарыағаштық ата-аналар жауапқа тартылды

0
1 138

Сарыағашта баласын қараусыз жіберген ата-аналар жауапқа тартылды


​Сарыағаштық ата-аналар жауапқа тартылды

ERNUR.KZ.Жасөспірім қылмысының деңгейін төмендету мақсатында сарыағаштық полицейлер қарқынды жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Аудан аумағында жыл басынан бері 7 құқық бұзушылық жасалған.

Сарыағаш ауданында 54 мыңнан астам жасөспірім бар. «Түнгі қаладағы балалар» іс-шараларының нәтижесінде 301 жасөспірім ІІО-ға жеткізілген. Соның ішінде 228 жасөспірімнің ата-анасына әртүрлі әкімшілік хаттамалар түзіліп, 198 ата-анаға ескерту берілді.

Сондай-ақ, сарыағаштық ювеналды полицейлер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірімді орналастырған. Хабар-ошарсыз кеткен 3 жасөспірімді жедел-іздестіру шаралары кезінде тауып, аман-сау үйлеріне қайтарған.

Ювеналды полиция қызметкерлері жыл басынан бері Жастар орталығы, «Нұр Отан» партиясы, Білім бөлімі және Прокуратура өкілдерімен бірлесе отырып аудан аумағында «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік», «Бақытты балалық шақ» іс шараларын өткізді.