Сарыағаштық қандықол ұсталды

0
1 724

Сарыағаш аудандық соты ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігі, қасақана кісі өлтіру бабы бойынша күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берді.


Сарыағаштық қандықол ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 28 жастағы бақташы жігіт кісі өлтіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сапарбек есімді 28 жастағы бақташы 44 жастағы əріптесін ұрып соғып өлтірген. Сарыағаш аудандық ІІБ ның тергеушісі өтініш хат беріп, Сарыағаш аудандық соты ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігі, қасақана кісі өлтіру бабы бойынша күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берді.

Тергеу кезінде белгілі болғаны, күдікті Сапарбек 44 жастағы əріптесімен бірге жұмыс күнінің соңында кешкісін спирттік ішімдік ішкен. Қос бақташының отырысы қанды оқиғаға ұласарын өздері де байқамаған. Алкогольді ішімдік ішу кезінде сөзге ілінісіп, кикілжің соңы жұдырықтасуға ұласқан. Əбден масайып, қызып қалған Сапарбек қаны қарайып бөтелкелесін ұрып аяусыз теуіп тастайды. Алған қатты соққылардың нəтижесінде 44 жастағы бақташы тіл тартпай кеткен. Арақ ішіп араздасып, жаға жыртысып, ақыры адам өлтіріп тынған 28 жастағы жігіт тергеу кезінде екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыпов мəлімдеді.