​Сарыағаштық полицейлер шетелдік азаматты тонаған күдіктіні ұстады

0
651

Күдікті бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.


​Сарыағаштық полицейлер шетелдік азаматты тонаған күдіктіні ұстады

иллюстрациялық фото

Сарыағаштық полицейлер шетелдік азаматты тонап, ақшасын алып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш АПБ-не Өзбекстан Республикасының азаматы арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз азамат кешкі уақытта шабуыл жасап, бетінен бір соққы беріп, күшпен 20 000 теңгесін тартып алған. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-мен СДТТБТ ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді.
Оқиға орнына арнайы жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленушінің жауабымен күдіктінің түр-тұлғасы анықталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсірді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде 20 000 теңге ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.