Өнер кеші сол маңнан өтіп бара жатқан қалың жұрттың назарын аударып соңы ән мен биге жалғасты.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Алып» сауда орталығында «ДОМБЫРА ҮНІ» атты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімнің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Алып" сауда қалашығында №27 Шәкәрім ж.о.м шәкірттерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Домбыра үні» іс-шарасы болып өтті.
Бұл іс-шараның өзгешілігі - домбырамен күй орындау ғана емес, домбырамен орындалатын әндерде орындалды. Сауда қалашығына келген тұтынушылар 30 минутқа созылған «Домбыра үні» іс-шарасын тамашалап әр өнерге қошеметтерін білдіріп отырды. Өнер кеші сол маңнан өтіп бара жатқан қалың жұрттың назарын аударып соңы ән мен биге жалғасты.
Айта кету керек, іс-шараның мақсаты - қазақтың қара домбырасы арқылы ұлтымыздың төл өнерін насихаттап, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерін қайтадан сәнге айналдыру. Жастардың бойына патриоттық сезімді дамытып, салт-дәстүрін ұлықтауға, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетке құрмет көрсету болып табылады.
-«Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - Домбыра» демекші, елімізде домбыраға деген құрмет өте жоғары. Қазіргі таңда жастарымыздың ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып келеді. Мақсатымыз - жастар арасында ұлттық өнерімізді насихаттау, дәріптеу болып табылады, - дейді Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Қанат Иматов.