Саяси қуғынға ұшыраған азаматтар туралы ақпаратты ОҚО ІІД мұрағатынан алуға болады

0
1 495

2014 жылы ОҚО Ұлттық қауіпсіздік органдарынан ОҚО ІІД Арнайы мемлекеттік мұрағатқа сяси құғын көріп, кейіннен сот ақтаған 8164 азаматтардың ​қылмыстық істер жіберілген.


Саяси қуғынға ұшыраған азаматтар туралы ақпаратты ОҚО ІІД мұрағатынан алуға болады

ERNUR.KZ. 2018 жылдың басынан бері ОҚО ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталықтың Арнайы мемлекеттік мұрағатына қуғындалғандардың туыстары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар атынан 50-ден астам өтініш түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2014 жылы ОҚО Ұлттық қауіпсіздік органдарынан ОҚО ІІД Арнайы мемлекеттік мұрағатқа сяси құғын көріп, кейіннен сот ақтаған 8164 азаматтардың қылмыстық істер жіберілген. Олар сталиндік қуғын-сүргін жылдары «ҚСРО қоғамдық құрылымды қаралау, алдын ала жалған ойдан шығарылған, мемлекеттен шіркеуді және мешіттерді бөлу бойынша ережелерді бұзу, кеңеске және төнкерістің үгіт-насихаттауы» бойынша сотталғандарға қатысты материалдар. Олардың бәрі сот шешімімен ақталған.

ОҚО ІІД ААО-ның мұрағатынан ақталған азаматтар немесе оның жақын туыстары олардың тоқтамға алынған қылмыстық істердің құжаттарымен танысуға болады, сондай-ақ аталған құжаттардағы сақталған қол жазбаларымен, бейнесурет және т.б. жеке құжаттарды алуға болады. Ақталған азаматтардың жақын туыстары олардың процессуалдық емес сипаттағы құжаттарымен таныса алады (тұтқындардың сауалнамасы, жұмыс орнынан мінездеме, үкім және айыптау қорытындысы).

Одан басқа, 30-50 жылдары саяси қуғынға ұшыраған ата-бабалар, туысқандардың тағдыры бойынша толық ақпаратты ведомстволық Веб-порталының қуғынға ұшырағандар бойынша ақпаратты іздеу функциясы арқылы «Мемориал» сервисінен алуыңызға болады.