Айтулы мерекелер қарсаңында Отырар ауданының халқы ерекше қуанышқа бөленді. «Шаншар» әзіл-сықақ театрының аудандықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны өз алдына, туған жеріне деген құрмет-қошеметіне риза болысты.
Тұңғыш президент және Тәуелсіздік күндері қарсаңында Түркістан облысы, Отырар ауданына гастрольдік сапармен келген «Шаншар» әзіл-оспақ театры жергілікті халыққа көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айтулы мерекелер қарсаңында Отырар ауданының халқы ерекше қуанышқа бөленді. «Шаншар» әзіл-сықақ театрының аудандықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны өз алдына, туған жеріне деген құрмет-қошеметіне риза болысты.
Өмірден алынған оқиғаларды қағытпа әзілдермен, астарлы қалжыңмен жеткізген өнер иелеріне көрерменнің ықыласы мен қошеметі зор болды.
«Шаншар» деген атауына сай театрдың өнерпаздары көптің көңіліндегі ойды дөп басып, керемет көңіл-күй сыйлай білді.
Халықтың серпіліп, көңілді қайтуына үлесін қосқан театрдың жетекшісі Уәлибек Әбдірайымов және белді актері, халықтың жүрегіне орын тапқан Жүсіп Ақшораевтар өздері туып-өскен киелі Отырарға деген жалынды сәлемдерін жолдады.
Кеш барысында Отырар топырағында туып-өскен ақын Серік Сейітманның сөзіне жазылған Берік Сексенбекұлының «Шәуілдір кеші» атты көрерменнің рухын көтеріп, жастарға жігер сыйлады.
Театр майталмандары туған жерге деген құрметін көрсетіп, туған жерімен мақтанатынын да тілге тиек етті. Еліміздің мерейлі мерекесі 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен жерлестерін құттықтады.