Шардарадағы орман шаруашылығында оңды істер көп

0
2 275

Орман қоры жерлеріндегі жол бойларында, шекараларында 200 шақырым минералдық жолақтар жаңадан жүргізіліп, 2000 шақырым минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілген.


Шардарадағы орман шаруашылығында оңды істер көп

Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 2017-жылдың 31-желтоқсанына дейін орман қоры жерін жанама пайдаланған 203 заңды және жеке тұлғалардан 18 099 230 теңге, 2018-жылдың 1-қазанына дейін 173 заңды және жеке тұлғалардан 13 353 378 теңге қаражат жергілікті қазынаға түсірілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018-жылдың 1-қазанына дейін 144 рет рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 59 орман заңдылықтарын бұзған азаматтарға 45 әкімшілік хаттама толтырылған, 331 890 теңге айыппұл салынған. Соның ішінде аудандық ІІБ қызметкерлерімен 34 рет бірлескен рейдтер жүргізіліп, 14 заңсыз ағаш кесу оқиғалары анықталған. Осы оқиғалардан 24,6 текше метр заңсыз кесілген ағаштардан орманға 183 300 теңге залал келтіріліп, 174 843 теңге залал өндірілген.
2017-жылы ЖК "АЛМАС" 5500 га ормансыз алқапқа сексеуіл егу жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда шығымдылығы 78 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларына 3800 га ормансыз алқапқа сексеуіл егу жұмыстары жоспарланған.
Орман қоры жерлеріндегі жол бойларында, шекараларында 200 шақырым минералдық жолақтар жаңадан жүргізіліп, 2000 шақырым минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілген. Жыл басынан бері мекеменің орман қорына кіретін 30 шақырым құмды жолдар толықтай жөндеуден өткізіліп, елді мекендер мен шаруа қожалықтарында құрылған 23 ерікті өрт сөндіру жасақтарына 245 адам мүшелікке тартылған. Нәтижесінде ағымдағы жылы бірде-бір өрт оқиғасы тіркелмеген.
Мұнан да басқа мекемеде жыл сайын аудан жастарын табиғатты аялап, қорғауды және жастарды табиғат қорғау саласына мамандық таңдауға насихаттау, шақыру мақсатында түрлі тақырыптарда сайыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттау дұрыс жолға қойылған.