13-інен 14-ақпанға қараған түнде Бәйдібек ауданы Жүзімдік ауылындағы қораға қасқыр шапты,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
13-інен 14-ақпанға қараған түнде Бәйдібек ауданы Жүзімдік ауылындағы қораға қасқыр шапты,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Түз тағысы жергілікті тұрғын Нұржан Молдабектің 11 қойын жарып кеткен. Мал егесінің айтуынша, түнде қора жақтан артық дүбір естілмепті. Қорасына бөрінің шапқанын таңертең бір-ақ білген.
Әзірге малға тиген ит-құс ауылға жалғыз жортқаны әлде үйірімен келгені белгісіз.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай уақиға мұнан шамамен 8 жыл шамасы бұрын болған.