Шымкенттегі зообақтың экс-директоры Сейдулла Жұбаев аңдарға дұрыс күтім жасалмағандықтан олар қырылып жатыр деп дабыл қақты. Бұл туралы ERNUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Шымкенттегі зообақтың экс-директоры Сейдулла Жұбаев аңдарға дұрыс күтім жасалмағандықтан олар қырылып жатыр деп дабыл қақты. Бұл туралы ERNUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұл мәліметті тілшілерге жайып салған бұрынғы басшының айтуынша, зообақта соңғы үш жылда 55 аң өлген екен. Алайда қазіргі басшы бұл цифрмен келіспейді. Қайта керісінше, өзі директорлық қызметке келгелі аңдардың өлім саны азайған.
«Үш жылда елу бестен де көп өледі ғой. Мысалға, 2014 жылы (автор: ол кезде экс-директор басшылық қызметте болған) алпыс сегіз аң өлсе, 2015 жылы елу бес, 2016 жылы 45, ал былтыр 2017 жылы жиырма бес аң өлді. Естеріңізде болса, мен күзде зообақта атқарылған жұмыстар туралы тілшілерге брифинг бергенмін. Сонда нақты көрсеткіштер айтылды. Мен қызметке келмей тұрып, яғни, үш жыл бұрын мұндағы аң саны екі мыңнан аз еді. Қазір екі жарым мыңнан асады. Сондай-ақ, аң түрі де үш жылда артып отыр.2015 жылы "Шымкент" зообағында 168 аң түрі болды. Бүгінгі таңда олардың түрі 248-ді құрап отыр», - деді «Шымкент зообағы» МҚК-нің басшысы Нұрғазы Бұхарбаев.
Аңдардың өлу себебін түсіндірген басшы оны табиғи заңдылық деп отыр. Айтуынша, аңдардың белгілі бірі табиғи өмір сүретін уақыты бар, жасы келген соң жануарлар да өледі. Кейбірі аурудан, енді бірі оқыс жағдайлардан да көзі жойылып жатады екен.