ШЫМКЕНТ - ERNUR.KZ. 21 сәуір күні қаламыз тағы бір үлкен спорт кешенімен толықты. Еліміздің бизнес саласында көптеген биіктерді бағындырып келе жатқан "ERNUR" корпорациясы "АLAMAN" спорт кешенін халық игілігіне пайдалануға тапсырды.
ШЫМКЕНТ - ERNUR.KZ. 21 сәуір күні қаламыз тағы бір үлкен спорт кешенімен толықты. Еліміздің бизнес саласында көптеген биіктерді бағындырып келе жатқан "ERNUR" корпорациясы "АLAMAN" спорт кешенін халық игілігіне пайдалануға тапсырды. Ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, футбол ардагері Махамбет Сапарбаев, "ERNUR" корпорациясының президенті Ерлан Нұрмаханов және өзге де құрметті азаматтары қатысты.
Спорт кешенінің құрылысы 2016 жылдың маусым айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын "MARDEN GROUP" құрылыс компаниясы жүргізген, жалпы 250 миллион теңге жұмсалды.
Спорт кешенінің ауқымы 1 гектар, 5 жабық футбол алаңынан тұрады. Сондай-ақ футбол ойнайтын командалар үшін барлық жағдай қарастырылған. Киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелердің барлығы заманауи үлгіде жабдықталған.
Айтулы спорт кешенінде жылдың төрт мезгілінде футбол ойнауға мүмкіндік бар. 40 орындық автотұрақта бой көтерген. Осы орайда айта кетсек, миллиондар ойынының жанкүйерлеріне тағы сағат 8:00-ден түнгі 02:00-ге дейін қызмет көрсетіледі.
Ашылу салтанатынан соң мәртебелі қонақтар аренамен танысып, алаңда допты теуіп те көрді. Осылайша спорт кешені көп күттірмей алғашқы турнирді де бастап жіберді. Командалар жоғары дайындықпен келгенін жасыл алаңда паш етті. Жарыстың қорытындысы бойынша "Бірлік" командасы жеңімпаз атанды.
Осылайша олар жаңа спорт кешенінде 30 сағат футбол ойнау мүмкіндігіне ие болды. Екінші орында "Жасталап" командасы. Айтулы ұжым 20 сағат "ALAMAN" спорт кешенінде жаттығатын болды. 3-орында екі команда - "Аэропорт" пен "Достық". Қос ұжымға ұйымдастырушылар 10 сағат спорт кешенінде тегін футбол ойнау мүмкіндігін сыйлады.
Спорт кешенінің директоры Еркебұлан Нұрмаханов алдағы уақытта түрлі дәрежедегі турнирлер өткізетінін білдірді.