Шымкентте Кəсіпкерлер Палатасы сапа туралы семинар өткізді

0
1 375

Сапа мəселесі қоғамның кез келген мүшесінің бас қатырар мəселесі. Тауар көңіліңізден шықпаса кері қайтаруға немесе ақшаңызды талап етуге құқылысыз. Тек заң талаптарын біліп жүру қажет.


Шымкентте Кəсіпкерлер Палатасы сапа туралы семинар өткізді

Қараша айының екінші бейсенбісі Дүниежүзілік сапа күні. Бұл айтулы күн 1989 жылдан бері аталып өтіліп келеді. БҰҰ-ның қолдауымен ірі халықаралық ұйымдар бастамашылық жасап бұл мереке əлемдік сипатқа ие болған. Осыған орай, Шымкент қаласындағы Кəсіпкерлер Палатасында арнайы семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Басқосуға мемлекеттік мекемелермен бірге халыққа қызмет көрсету жəне өнім өндіру бағытындағы кəсіпкерлер жиналды. Сондай ақ білім беру мекемелерінің өкілдері қатыстырылды.

"Қандай да бір компанияда құлдырау басталып, басшылық жаңадан тағайындалар болса, онда компаниядағы басқару тетіктерін өзгерту маңызды. Сонда ғана басқару менджменті өзгеріп қызмет көрсету сапасы да арта түседі. Керісінше, жекеменшік компаниялардың өсіп өкендеуі нəтижелі болса да басшылық ауысса онда табысты компанияның жұмыс істеу жүйесін жаңартудың негізі жоқ"-деді семинарда сөз алған "ҚазСтИн" РМК Түркістан облысы жəне Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сəкен Байсеев.

Басқаша айтқанда, жақсы жұмыс нəтижесіне ие бағытты бұрып, бұзуға бас қатырудың қажеті жоқ. Дегенмен талантсыз, басқару қабілетінен жұрдай кей жаңа басшылар талай компанияның түбіне жеткеніне көпшілік куə. Жиналғандар омсылай десті. Мұндай семинарларды Қазақстандық стандарттау жəне сертификаттау институы жылына екі рет ұйымдастырады. Халықаралық сапа стандарттары жыл сайын өзгереді. Ал, жаңалықтар мен жаңашылдықтарды меңгерген компания басшылығы мен қызметкерлері өз өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндік алады. Сапаны басты қағида етіп, табысқа жетудің қыр-сырын талқылаған семинарға қатысушылар өз мекемелерін ілгерілетуге құмбыл екендіктерін айтады. "Біздің мекеме сертификаттаумен айналысады.

Сондықтан да сапа мəселесі біздің ұжым үшін басты орында. Сондықтан да мұндай семинарларға басшылық бір емес, бірнеше қызметкерін жіберіп отырады. Біліктілікіті арттыру өзіміз үшін қажет"-дейді семинарға қатысушы менеджер Əсем Құрбанəлиева.

Сапа мəселесі қоғамның кез келген мүшесінің бас қатырар мəселесі. Тауар көңіліңізден шықпаса кері қайтаруға немесе ақшаңызды талап етуге құқылысыз. Тек заң талаптарын біліп жүру қажет. Азық-түлік дүкенінің сатушысы Фериде Рамазанова да сапалы қызмет көрстеу арқылы тұтынушының қатары артатынын мойындайды. Сапасыз тауарды азық- түлік дүкеніне 24 сағатта кері қайтарып немесе ақшаңызды талап етуге құқылы екендігіңізді де сатушылар жақсы біледі дейді ол.

Кəсіпкерлер палатасының алаңында өткізілген семинардың басты мақсаты əлеуметтік қызмет көрсету саласында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған мемлекеттік стандарттарды түсіндіру. "Сапа менеджменті; Заманауи жағдайдағы сапаның рөлі. Сапаны жоспарлау. Негізгі принцптері". Семинар қатысушылары қаузаған негізгі тақырыптар осы болды.