​Шымкентте Түркістан облысының онкологиялық орталығы ашылды

0
3 001

Орталықта білікті онкоуролог (ерлер қарау кабинеті) және онкогинеколог (әйелдер қарау кабинеті) кабинеттері де бар.


​Шымкентте Түркістан облысының онкологиялық орталығы ашылды

Шымкент қаласында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының заманауи талаптарға толықтай сай келетін "Облыстық онкологиялық орталығы" ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталықтың ашылуына Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қатысты.

Облыстық клиникалық аурухана қарамағындағы “Онкологиялық орталықта” Түркістан облысы бойынша онкологиялық аурулардың алдын алуға, диагностика жасап, емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шаралар уақтылы өткізіледі. Жаңадан жасақталып құрылған емдеу мекемесінің негізгі мақсаты - онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету және ерте диагностиканы арттыру, онкологиялық ауруларға скрининг жүргізуді жетілдіру жолымен 5 жылдық өміршеңдікті арттыру.
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілетін орталықта қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, әр түрлі бейіндегі жоғары санатты онколог дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Емхана жағдайында консультациялық қабылдаудан басқа амбулаториялық жағдайда химио -, гормон - және таргеттік терапия жүргізу үшін амбулаториялық химиотерапия кабинеті де ашылған.

Сондай-ақ маммологиялық ем қабылдауға да барлық жағдай жасалған. Орталықта аппараттың ДСБ бақылауымен сүт бездерінің пайда болуын, биопсияның барлық түрлерін меңгерген (жұқа инелі аспирациялық биопсия, трепанбиопсия) сәулелі диагностикадағы жұмыс тәжірибесі мол білікті маммолог маман қабылдау жүргізеді. Яғни, сүт безінің ісігіне күдікті емделушіге УЗ зерттеу қажет болған жағдайда пайда болу пункциясы жүргізіледі, бұл тез диагноз қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онкоуролог (ерлер қарау кабинеті) және онкогинеколог (әйелдер қарау кабинеті) кабинеттері ашылды. Онда онкологиялық аурулармен ауыратын және онкологиялық ауруға күдікті науқастарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі.
Диагностикалық блоктарға қатысты Облыстық клиникалық аурухананың емханасы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Қатерлі ісікті алғашқы анықталған сәтінен бастап, оның үдерісі мен аурудың қайталауынын құрамында онкохирургтар, химиотерапевттер, гистологтар, цитологтар бар емдеу тактикасы мен жоспарын бірлесе талқылайтын мультидисциплинарлық топ құрылған.
Стационарлық көмек 50 төсекке арналған химиотерапия бөлімшесі және 40 төсекке арналған жалпы онкология бөлімшесі жағдайында көрсетілетін болады.

Облыстық онкологиялық орталық Түркістан облысындағы обырдың алдын алу және онкологиялық ауруларды ерте анықтау, ісік ауруларының скринингін сапалы жүргізу жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі үйлестіруші болады, аудандық ауруханалар жағдайында паллиативтік көмек көрсетуді дамытуға қатысты жұмыстар жүргізілетін болады.
Облыстық көп бейінді аурухана құрамындағы онкологиялық орталық онкологиялық науқастарға жан-жақты жоғары білікті медициналық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі.

Дереккөз: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі