Шымкентте Қызылорда облыстық қорғаныс істері Департаментінің бұрынғы басшысы сотталып жатыр

0
1 483

Ұлттық бюроның мәліметінше, әскери полковник қарамағындағылардан шенін жоғарылату үшін сыйақы жинап келген. Тәртіптік жауапкершіліктен босату мен қызметтегі "қамқорлық" та полковникке тағылған айыптардың бірі.


Шымкентте Қызылорда облыстық қорғаныс істері Департаментінің бұрынғы басшысы  сотталып жатыр

ERNUR.KZ. Шымкент гарнизонының әскери сотында Қызылорда облыстық қорғаныс істері Департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот процессі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Полковник Мұрат Дәулетбаховпен бірге оның бұрынғы қарамағындағы үш қызметкер Мұрат Айдаров, Нұржан Баетов, Нұрлан Теңізқұлов жауапқа тартылған. Экс әскери шенеунік, полковник Дәулетбаховқа алаяқтық пен бірнеше рет пара алған деген айып тағылған. Қалған үшеуі пара бергендері үшін және пара алуда делдалдық жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қызылорда облысының бас әкери комиссары Дәулетбаховты биылғы жылдың қаңтар айында сыбайлас жемқорлықпен күрес Ұлттық бюро қызметкерлері ұстаған болатын. Ұлттық бюроның мәліметінше, әскери полковник қарамағындағылардан шенін жоғарылату үшін сыйақы жинап келген. Тәртіптік жауапкершіліктен босату мен қызметтегі "қамқорлық" та полковникке тағылған айыптардың бірі.