Созақ ауданында аз қамтылған отбасылар үшін 744 тонна көмір түсірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қыс иек артып отырған шақта демеушілердің арқасында 372 отбасыға көмір түсіріліп, қуантып тастады.
Созақтың қысы қалай өтетеіні белгілі. Табиғи газ ауданның елді мекендеріне әлі жеткізілмегендіктен көмір мұнда басты отын болып саналады.
Айта кету керек, Созақ ауданының тұрғындары көмірді Шолаққорған елді мекеніндегі көмір базасынан алады. Тұрғындар үшін таратылатын көмір науқаны мұнда жаздың соңынан-ақ басталып кеткен болатын. Аудан әкімінің тапсырмасымен мұнда жылыту маусымы 15 қазанда басталған. Отын жеткілікті мөлшерде дайындалған.
«Отын базасы автокөлік таразылары мен артып-түсіретін механизмдермен жабдықталған. Кезек болмау үшін жұмыс тәртібі соған ыңғайланып реттеліп отыр. Ауданда 37 білім беру мекемесі бар. Оның көпшілігі көмірмен жылытылады, оның екеуі орталықтандырылған. Білім мекемелері де, тағы да 30 денсаулық сақтау мекемесі де отынмен қамтамасыз етілген», - дейді аудан әкімі С.Полатов.
Дереккөз: yujanka.kz