«СУДАҒЫ ҚАЗАН ТОҚТАҒАН ЖЕРДЕН ШЫҚТЫ»: Сырдарияға батып кеткен қыздың денесі табылды

0
1 512

"Қазақтың ырымы деген керемет қой"...


«СУДАҒЫ ҚАЗАН ТОҚТАҒАН ЖЕРДЕН ШЫҚТЫ»: Сырдарияға батып кеткен қыздың денесі табылды

Отырар ауданында суға батып кеткен адамдардың барлығының денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бірер минут бұрын Отырар ауданы аумағында Сырдария өзеніне батып кеткен оныншы баланың денесі оқиға орнынан 15 шақырым қашық жерден табылғанын хабарлаған едік.


Құтқарушылар көп ұзамай 2015 жылы туылған қыздың да денесін тауыпты.


Бұл туралы БАҚ өкілдеріне оқиға орын алған жерде, яғни жағдайдың басы-қасында жүрген жергілікті тұрғындар хабарлапты.


«Қазақтың ырымы деген керемет қой. Жаңа шешесі суға қазан жіберген. Сол қазан айналып-айналып, шығып кетті де, қайтадан сол жерге барды. Тура сол жерден шықты ғой. Ол жерге 4 рет водолаз жібергенде табылмаған. Енді тура сол жерден шығып тұр ғой», - делінген әлеуметтік желіден жеткен аудиохабарламада.