ТҮРКІСТАН: Сырдария суына батып кеткен оныншы адамның денесі табылды

0
873

2015 жылғы қыздың денесі іздестіріліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сырдария суына батып кеткен оныншы адамның денесі табылды

Отырар ауданы аумағында суға батқан 11 адамның 10-ның денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Осыған дейін Отырар ауданы аумағында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның 9-ның денесі табылғанын хабарлаған едік. Біршама уақыт бұрын тағы бір баланың денесі судан шығарылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оқиғаның басы-қасында жүрген аты-жөні белгісіз кісі хабарлаған.


«Қуаныш, баланың денесі табылды. 15 шақырым қашық жерден шығарды. Енді 2015 жылы туған қыздың денесін іздеп жатыр. Жаңа тамақтанып, ары қарай іздеп кетті», - делінген аудиохабарламада.


Айта кетейік, бұл оқиға 21 тамыз күні сағат 17:40 шамасында орын алған болатын.