​Тамақтан уланудың алдын алу жайлы семинар өтті

0
1 484

Аталған семинарға Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К. Усипбекова мен санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық-регламенттердің талаптарының сақталуына бақылау бөлімінің мамандары қатысты.


​Тамақтан уланудың алдын алу жайлы семинар өтті

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында аудандық денсаулық сақтау басқармасының мамандары және аудан балабақшаларының басшыларымен бірге семинар сабақ өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылдың 10 желтоқсанында Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық білім бөлімнің мәжіліс залында аудандық денсаулық сақтау басқармасының тікелей қатысуымен семинар сабақ болып өтті.

Аталған семинарға Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К. Усипбекова мен санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық-регламенттердің талаптарының сақталуына бақылау бөлімінің мамандары қатысты. Денсаулық саласының мамандары Қазығұрт ауданындағы бірқатар бала бақшаларының басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ботулизм және тамақтан уланудың алдын алуы жайлы семинар сабағын өткізді.

Семинардың мақсаты «Мектепке дейінгі ұйымдардарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №615 бұйрығы талаптары жайлы, ҚР ҰЭМ-нің 2016 жылғы 06 маусымындағы №239 " Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, балалардың денсаулығына жауапкершілік танытып, қадағалау жүргізу. Сондай-ақ, бала организмінің әлсіз болуына байланысты балабақшада берілетін тағам құрамына қадағалау жүргізіп, санитарлық-гигиеналық талаптардың да қатаң сақталуы жайында сөз қозғалды.