«Тәуелсіз ел — мәңгілік ел»

0
1 494

Осындай атаумен Отырар ауданында іс-шара болып өтті.


«Тәуелсіз ел — мәңгілік ел»

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Талапты ауыл округінде Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай "Тәуелсіз ел — мәңгілік ел" атты іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған шараның өтуіне мұрындық болған ауыл округінің әкімі Динара Әбілхасымқызы: «16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 27 жыл толды.
Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет»,
- дей келе, бірқатар ауыл округінің үздік мекеме қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Марапаттау мен сый-сияпатқа кенелген ауыл тұрғындарының мерекелік көңіл-күйін көтеруді оқушылар мен ауыл жастарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы жалғады.