Тәуелсіздік күніне орай мерекелік жиналыс өтті

0
1 582

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты В.Комаров атындағы №8 жалпы орта білім беретін мектебінде салтанатты жиналыс өтті.


Тәуелсіздік күніне орай мерекелік жиналыс өтті

фото: facebook.com

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты В.Комаров атындағы №8 жалпы орта білім беретін мектебінде салтанатты мерекелік жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиналысты мектеп директоры мерекелік құттықтаудан бастады: «Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр», - деп жиналысқа қатысқан ұстаздар мен оқушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, жиналыста ұстаздар да өз лебіздерін білдірді.

Жиналыс соңында мектеп оқушылары концерттік бағдарлама қойып, ән мен биден шашу шашты. Патриоттық әндер шырқалып, қазақтың халық биін қыздар мың бұрала биледі. Сондай-ақ, жиналыста ұстаздар да өз лебіздерін білдірді.