Түркістан облысы, Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына және ауданның 90 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған спорттық-мерекелік іс-шара өтті.
Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында арнайы спорттық іс-шара ұйымдастырылып, сайыс түрінде болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы, Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына және ауданның 90 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған спорттық-мерекелік іс-шара өтті. Шағын футболдан мемлекеттік мекемелер арасында Сайрам аудандық біріншілігі ұйымдастырылды.
Біріншілікке аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. Аудандағы бірқатар мемлекеттік мекемелер арасындағы жүлделі орындар үшін тартысты ойын өз мәресіне жетті.
Спорттық шара барысында мемлекеттік мекемелер арасында, ауданымызға беделді, еңбегі сіңген қызметкерлер арасындағы сайыстың нәтижесі бойынша 1-орынды прокуратура, 2-орынды спорт бөлімі, ал 3-орынды ІІБ қанжығасына байлады.
Аудандағы мемлекеттік мекемелер арасында ұйымдастырылған спорттық шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін атап өту.
Сонымен қатар, Сайрам ауданына 90 жыл толуына орай, мерекелік көңіл-күй сыйлау және қызметкерлердің рухын асқақтату, еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында да жүзеге асқан спорттық шара болды.