Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Арыс қаласы, «Көктем» тұрғын ауданынан 36 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, баспанаға мұқтаж тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға облыс әкімінің орынбасары Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы пәтер кілттерін табыс етті.
фото: facebook.com
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Арыс қаласында бірқатар нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын басшылыққа алған арыстықтар, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы барысында аянбай еңбек етіп келеді.
Елбасы «Жайлылық дегеніміз - ең алдымен тұрғын үйдің қол жетімділігі, ауланың әдемілігі менқауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы», - деп атап өтті.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Арыс қаласы, «Көктем» тұрғын ауданынан 36 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, баспанаға мұқтаж тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға облыс әкімінің орынбасары Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы пәтер кілттерін табыс етті.
Құтты қонысқа ие болған, пәтер иелері Елбасына, қала басшылығына ризашылықтарын білдіріп, табыстар тіледі.
Сапар барысы осы тұрғын ауданда жаңадан бой көтерген спорт алаңшасының ашылу салтанатымен жалғасты.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тарапынан салынған спорт алаңшасында тренажерлар қойылып, ойын алаңшасында балалардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануына барынша жағдайлар жасалған.
Мұнан соң, қаламыздың орталығында жаңадан салынған «Мәңгілік ел» және «Арыс қаласының Құрметті азаматтар» аллеяларын салтанатты ашылуымен ұласты.
Нысандардың ашылуы барысында мекемелер мен бөлім қызметкерлері атсалысып, қаланың зиялы қауым өкілдері ашылу рәсіміне қатысып, ел игілігі үшін жасалған игі істерге ақ баталарын беріп, елімізге амандық пен тыныштық тіледі.