«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Түркістан облысында егіз бүлдіршіндер гүл отырғызды

0
335

Табиғатты тазалауға өз үлестерін қосты.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Түркістан облысында егіз бүлдіршіндер гүл отырғызды

Келестік 3 жасар егіздер экоакцияны қолдап, гүл отырғызды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жас балдырғандар да үлес қосып жатыр. Келес ауданы «Мариям-ММ» бөбекжай балабақшасында «Балдырған» тобында тәлім алып жатқан 3 жастағы егіздер Айман Қажымұхан, Ахмет Қажымұхан мен «Сұңқар» тобының 5 жасар егіздері Алия Упабек, Али Упабек табиғатты тазалауға өз үлестерін қосты. Балабақша меңгерушісі Айнұр Станбекова балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа балабақшадан үйрету өте маңызды екенін атап өтті.


«Балабақшамызда тәрбиеленушілерді табиғатты сүюге баулитын түрлі іс-шаралар өтеді. Бір ғана тазалық акциясымен шектеліп қалмай, тәрбие сағаттарында табиғатқа қамқорлық қажет екендігін насихаттаймыз. Елімізде 5 аптаға созылатын науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп басталды. Бұл бастаманы балабақша ұжымы толық қолдайды. Балабақшамызда тәрбиеленіп жатқан егіздер де осы шараға қатысып, тәрбиешілерінің көмегімен ауламызға гүл отырғызды», – дейді балабақша меңгерушісі.