«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістанда жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді

0
65

Аталған шараның негізгі мақсаты – жалғызбасты қарт адамдарға тұрмыстық және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістанда жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында әлеуметтік-маңызды шара ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – жалғызбасты қарт адамдарға тұрмыстық және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Бұл бастамаға Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ерікті жастары мен жауапты мамандары қарт азаматтардың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді және күнделікті өміріне қажетті әлеуметтік қолдау көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Дінислам Бимаханбетов экологиялық тәртіпті сақтау, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.


«Аталған бастама «Таза Қазақстан» жобасының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, жастардың еріктілік қызметке белсенді қатысуына және экологиялық сана-сезімді нығайтуға бағытталды. Іс-шараға Түркістан облысының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, белсенді жастар, еріктілер мен қоғам өкілдері қатысты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» - деп айтты сала маманы.


Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық шарасы өтті. Экологиялық бастамаға 1 млн-нан астам тұрғын қатысып, 7 мың техника жұмылдырылды. Көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілді. Нәтижесінде 1 милионнан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды.

Бөлісу