​Тәжік азаматы жағдайы төмен отбасыларға көмір түсіріп берді

0
2 283

Түркістан-Сарыағаш. Әрі ауыл əкімшілігінің мамандарымен бірлесіп, әр отбасыға 2 тоннадан көмір үлестірді. Ал, қатты отынды алып кетуге шамасы келмейтіндерге ауыл əкімі жүк көлігін ұйымдастырып, тегін жеткізіп берді.


​Тәжік азаматы жағдайы төмен отбасыларға көмір түсіріп берді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылының тұрғыны Анвар қажы жағдайы төмен отбасыларға көмек берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Анвар қажы ауылдағы тұрмыс жағдайы төмен және жалғыз басты аналардың жанұясының қыс жағдайын ескеріп, өз қаражатынан 40 тонна көмір түсіріп берді.
Әрі ауыл əкімшілігінің мамандарымен бірлесіп, әр отбасыға 2 тоннадан көмір үлестірді. Ал, қатты отынды алып кетуге шамасы келмейтіндерге ауыл əкімі жүк көлігін ұйымдастырып, тегін жеткізіп берді. Ауыл тұрғындары кәсіпкер мен ауыл әкімшілігіне алғысын жеткізді.
Анвар қажы өз сөзінде әрбір азамат қайрымдылықпен айналысса, адамдарда мұқтаждықтың азаятындығын тілге тиек етіп, ауылдастар үшін алдағы уақытта ауыл әкімдігімен бірлесіп талай қайрымдылық шараларын жасайтындығын жеткізді.