​Теріс діни ағымдар – ұлт болашағына төнген қауіп

0
1 855

Теріс діндердің қоғамға, әсіресе жастар санасына айтарлықтай әсер етіп, олардың ақыл-ойын бұзатыны даусыз. Осындай келеңсіздікті, қоғамның бұзылуына жол бермес үшін мұндай іс-шаралар көптеп өткізілу жоспарланып отыр.


​Теріс діни ағымдар – ұлт болашағына төнген қауіп

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округі С.Ерубаев атындағы мектебінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Теріс діни ағымдар – ұлт болашағына төнген қауіп» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Теріс діндердің қоғамға, әсіресе жастар санасына айтарлықтай әсер етіп, олардың ақыл-ойын бұзатыны даусыз. Осындай келеңсіздікті, қоғамның бұзылуына жол бермес үшін мұндай іс-шаралар көптеп өткізілу жоспарланып отыр.

Кездесуде теріс ағымдардың қауіпті мақсаты - ұлтты жою пиғылы туралы айтылды. Әркім өзінің ұлтымен бірге туылады, өз ұлтымен мақтанады. Әр азаматқа ұлтының жері, тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы тиесілі, дін одан кейін келеді. Дін – адамның руханияты, Құдайды жан-дүниесімен іздеуі, ішкі қажеттілігі. Сондықтан дінді ұлттан жоғары қою – экстремисттік көзқарастың бастауы болып табылатындығы айтылды.

Кездесуде жастарға теріс діни ағымдардың әсері туралы пікір білдірген қазақ зиялыларының ой-тұжырымдары айтылып, пікірлер білдірілді.