Заманауи техникалық базамен толықтай қамтамасыз етілген жаңа медпункт тұрғындардың ризашылығын туғызды.
Түркістан облысы Төлеби ауданында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында дәрігерлік медициналық пункті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы Киелітас Әкімшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Ақайдар елді мекенінде бой көтерген модулдік дәрігерлік медициналық пункті Тәуелсіздік мерекесіне орай ашылып, тұрғындарға пайдалануға берілді.
Дәрігерлік мекеменің Ашылу салатанатына Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров, Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Төребеков, Төлеби аудандық ауруханасының басшысы Д.Мұсаев және баспасөз қызметкерлері сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Б.Омарбеков ауданда жасалып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, ауыл тұрғындарын келе жатқан 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27-жыл толуымен және заманауи техникалық базамен толықтай қамтамасыз етілген жаңа медпунктің ашылуымен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.
Сонымен қатар ауыл тұрғыны, қоғам белсендісі Қ.Тоқбаев ауыл тұрғындары атынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа, облыс және аудан басшыларына рахметін айтып ризашылығын білдірді. Жиын соңында ауыл ақсақалы Сабыр Ойсылбаев ақ батасын беріп қорытындылады.