Жарысқа 16 құрама команда 100 -ге тарта спортшы қатысып өзара бақ сынасты.
Түркістан облысы Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауыл округі Бірінші Мамыр жалпы орта білім беру мектебінің спорт залында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және Ұлы Отан соғысының ардагері, Төлеби ауданының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Әлмұхан Әбдуәлі Әлмұханов қажының туылғанына 100 жыл толуына орай волейболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.
Жарысқа 16 құрама команда 100 -ге тарта спортшы қатысып өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша I -орынды Бірінші Мамыр ауыл командасы иеленді, II –орын Тасарық ауыл командасына тиді, ал III-орынды Алатау ауыл командасы иеленді.
Аса тартысты да қызықты өткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы тиісті дәрежелі дипломдарымен және демеушілер есебінен бағалы сыйлықтарға ие болып, марапатталды.