​Төлебиде мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды

0
2 900

Балалар ертегі кейіпкерлерімен және Аяз ата, Ақшақармен бірге суретке түсіп, ұйымдастырушылар дайындаған сыйлықтарға ие болды.


​Төлебиде мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды

Қамқоршылық қажет ететін жандарға қол үшін беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осы орайда, Төлеби ауданы, Тасарық ауылдық округіне қарасты «№7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де Түркістан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Бағлан Илесов, мекеме ұжымы мен балаларды санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

- Жаңа жыл барлық балалар үшін ең керемет, ең сүйікті мереке.Жаңа жылды әр-бір бала асыға күтеді, оны қуаныш, көптеген сыйлықтар түрінде елестетеді. Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырдық, - деді Бағлан Илесов.

Мереке соңында мүмкіншілігі шектеулі балалар ертегі кейіпкерлерімен және Аяз ата, Ақшақармен бірге суретке түсіп, ұйымдастырушылар дайындаған сыйлықтарға ие болды.

Ақпарат үшін айта кетсек, 1957 жылы негізі қаланған бұл мекеме қимыл-қозғалыс жүйелері бұзылған және дене кемістіктері бар, бірақ интелекті сақталған, ұдайы күтімді, тұрмыстық қызметті және медициналық көмекті қажет ететін балалардың тұрақты тұруына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. 3-18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетін орталықта еліміздің 14 облысынан келген 112 тәрбиленуші бар.