Мерекелік шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, тамаша әсер алып қайтты.
Түркістан облысы Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Төлеби ауданы Мәдени ауылдық клубында «Тұғыры биік – Тәуелсіздік!» атты 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға ауыл тұрғындары мен ақсақалдары, ұстаздар және оқушылар сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылған шараға айтулы мереке қарсаңында ауыл тұрғындарын құттықтап, ізгі ниетін білдіру үшін арнайы келген Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімдігінің бас маманы жиынға қатысушыларды шын жүректен құттықтап, ақ тілегін ақтарды.
Жиын барысында ауыл өнерпаздары көрермен назарына тақырыпқа сай өлең жолдары мен әсем әндерін тарту етті. Сондай-ақ өскелең ұрпаққа қазақ елі үшін Тәуелсіздіктің оңай келмегенін келмегенін ұғындыру және 1986 жылы16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарын еске алу үшін бейнеролик көрсетілді.
Салтанатты жиын соңынан мерекелік шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, тамаша әсер алып қайтты.