Қоғамдық қабылдауда түрлі сала өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімдігінің бастамасымен және аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің ұйымдастыруымен тұрғындардың әр түрлі мәлелелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру", осы індетпен күресуге ат салысу мақсатында, аудандық мәдениет үйінің ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қоғамдық қабылдауда Төлеби аудандық сотының бас маманы Тажибаев Нуриддин, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Сариев Сапарғали, аудандық аурухананың дәрігері Ибраева Меңзада өз салалыр бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, түрлі мәселелер бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы "Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің" Төлеби аудандық бөлімшесінің басшысы Кемелов Нұрлан, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ның филиалы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Түркістан облысы бойынша департаменттің Төлеби аудандық бөлімінің бас маманы – Жайлаубаев Мақсат ақпарат берді.
Сондай-ақ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет бойынша Төлеби аудандық бөлімінің менеджері , аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы менТөлеби аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен келген мамандар да өз кезегінде тәртіп ақпаратпен бөлісті.
Түсіндіру жұмысы кезінде Төлеби аудандық әділет басқармасы, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық сот орындаушылар бөлімі де келген азаматтардың мәселелері бойынша тиісті ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дереккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі