Түркістанда қуғын-сүргін құрбандарына арналған көрме ашылды

0
2 032

Көрмеге репрессия жылдарына арналған әдеби кітаптар, фотолар БАҚ-жарияланған мақалалар сондай-ақ қысқаметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.


Түркістанда қуғын-сүргін құрбандарына арналған көрме ашылды

ERNUR.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көрмеге репрессия жылдарына арналған әдеби кітаптар, фотолар БАҚ-жарияланған мақалалар сондай-ақ қысқаметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Атаулы көрмені тамашалағандар нәубетті жылдардың қасіреті жайлы ой қозғап, ондай күндердің қайта келмеуін, тәуелсіз мемлекетімізде тыныштық пен береке, бірліктің арта беруін атап өтті.